Биыл халықты газбен қамту деңгейін 62,6%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр - министр

Бүгiн, 12:47 132

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метр деңгейінде болжанып отырғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ол өткен жылмен салыстырғанда 6,4% өсім күтілетінін атап өтті. Меншікті газ ресурстық базасын кеңейту мақсатында қазіргі уақытта Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр және 2,5 млрд текше метр болатын ірі газ өңдеу зауыттарын, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында қуаты 0,9 млрд текше метр газ өңдеу зауытын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы инвестициялар 100 млрд теңгеден асады.

Сонымен қатар биыл шамамен 1,5 млрд текше метр алынатын шикі газ қоры бар «Барханная» кен орнын іске қосу жоспарланып отыр, – деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев.

Министр елімізді газбен жабдықтау ведомствоның басым міндеттерінің бірі болып саналатыны айтты. Биыл халықты газбен қамту деңгейін 62,6%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: