Биыл елімізгe 97,5 мың тонна құс еті әкелінді

28 Қараша 2022, 14:02 1335

Бұл туралы АШМ мәлім етті

2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қазақстандық фермерлер 948,5 мың тонна ет өндірді, бұның көлемі бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда орта есеппен 0,5%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең үлкен өсімді 4,8%-бен жылқы етінің өндірісі көрсетті, бұл 114,1 мың тонна, сондай-ақ құс еті 2,9% - ға өсіп, 239,6 мың тоннаны құрады.  Жыл басынан бері 400,1 мың тонна сиыр еті, 113,7 мың тонна қой еті, шамамен 61.2 мың тонна шошқа еті өндірілді.   

Ет экспорты биылғы жылдың қыркүйегіне қарай 1 млн долларға 29,7 мың тонна  көлеміне жетті. Экспорттың басым бөлігі сиыр етіне тиесілі - 13,5 мың тонна, сондай-ақ шетелге 6,7 мың тонна қой еті мен 9,5 мың тонна құс еті сатылды.

Импортқа қатысты осындай кезеңде алыс және жақын шетелдерден барлық түрдегі 110 мың тонна ет импортталды. Импорттың басым бөлігі құс етіне тиесілі, елге шамамен 97,5 мың тонна әкелінді.

EL.KZ
Бөлісу: