Биыл елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кетті

16 Шілде, 17:55 1266

Шомылу маусымы басталғалы бері 70 адам суға батып кетті. ТЖМ-нің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда суға батып кеткен адамдардың саны азайған. Алайда, биыл шомылу маусымы басталғалы бері 70 адам суға кеткен. Олардың ішінде 30-ы балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 83 адам суға батып кеткен болатын. Бірақ биыл балалардың суға бату көрсеткіші өскен. Былтыр сәйкес кезеңде 23 бала тілсіз жаудың құрбаны болды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: