Биыл елімізде газ өндіру 2,3%-ға артады

16 Шілде, 10:13 2158

Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған кен орындары есебінен 2024 жылы газ өндіруді 2,3%-ға арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазіргі жағдай мен биылға арналған болжамды жоспарлар туралы баяндады.

Энергетика министрлігінің жоспары бойынша, 2024 жылдың соңына дейін Қазақстанда 60,5 млрд м3 өндіріледі. Өткен жылғы көлеммен салыстырғанда өсім 2,3% құрайды.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 30 млрд м3 газ өндірілді, бұл жылдық жоспардың 50% құрайды. Негізгі өсім Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен қарастырылған.

Былтырғы тауарлық газды өндіру көлемі 29,8 млрд м3 құрады. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 14,9 млрд м3 өндірілген, бұл биылғы жоспардың 50% құрайды.

Ішкі нарықтың қажеттіне 2023 жылы 19,4 млрд м3 жеткізілді. 2024 жылға болжамды тұтыну көлемі шамамен 20,9 млрд м3 құрайды. Сұйытылған мұнай газын өндіру жоспары да өткен жылдың деңгейінде – 1,6 млн тонна. Бүгінгі таңда 0,8 млн тонна немесе 53,3% өндірілді, – деді А.Сәтқалиев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: