Биыл елімізде 217 жаңа мектеп ашылады

20 Ақпан, 10:24 662

Биыл елімізде 217 мектеп қолданысқа беріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында министр алдағы 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектеп қолданысқа берілетінін жеткізді.

Жалпы ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. Биыл 217 мектепті, 2025 жылы 152 мектепті қолданысқа беру көзделген. Мектептер құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл ретте 163 мектеп (44%) ауылдық жерлерде салынады, - деді министр.

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу көзделген (2023 жыл – 500 млрд теңге, 2024 жыл – 976,3 млрд теңге, 2025 жыл – 909,4 млрд теңге). Оның ішінде былтыр «Самұрық-Қазына Констракшнге» тиісті көлемде қаржы аударылды (500 млрд теңге).

Миражан Махан
Бөлісу: