Биыл «Атырау-Астрахан» күре жолы қолданысқа беріледі

19 Шілде, 05:43 483

Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстары барысын тексерді. 

Атырау облысында «Атырау-Астрахан» жобасы аяқталуда. Қайта құру жұмыстарымен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 212 шақырымды құрайды. Мердігерлер асфальттың соңғы жоғарғы қабатын төсеуде. Құрылысқа 612 маман мен 408 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазір бұл жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтсе, жол пайдалануға берілгеннен кейін көлік қарқындылығы 75% - ға артады деп күтілуде.

Зарина Арман
Бөлісу: