Биыл Алматының цифрлық егізі құрылады

2 Ақпан 2023, 12:18 1034

Бұл туралы Almaty Digital форумында айтылды

Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы 7 негізгі басымдықтың бірі - «Алматы – Смарт-сити» құру, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл күзге қарай Сингапур және Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды бастау жоспарлануда.

«Алматының одан әрі дамуы үшін маңызды жобалар қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жүйелі платформалық шешімдер болып табылады. Бұл қаланың бірыңғай деректер қоймасы, геоаналитиканың бірыңғай платформасы. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі биыл Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл цифрландыруға қатысты цифрландыру емес, ең алдымен, жайлы қалалық орта құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді қала әкімі Ерболат Досаев Digital Almaty 2023 халықаралық форумында.

EL.KZ
Бөлісу: