Биыл 6 айда өнеркәсіп өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8%-ды құрады

17 Қыркүйек 2023, 05:19 3128

Биыл қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сәйкес, сегіз ай ішінде 29 952,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде:

кен өндіру саласында – 13 958,7 млрд теңгеге,

өңдеу саласында – 14 042,9 млрд теңгеге.

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,4%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,5% байқалды.

Берік Арманов
Бөлісу: