Биыл 230 мыңға жуық дизель отыны жеткізілді

11 Мамыр 2022, 11:40 3322

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 400 мың тонна дизель отыны берілді.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 400 мың тонна дизель отыны берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, осы жылдың ақпан-сәуір айларында 230 мыңға жуық тонна дизель отыны жеткізілген.

– Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отынының бағасы МӨЗ-де 1 тоннасы үшін 212 мың теңге (литріне 176 теңге). Өңірлерге дейін жеткізуді және сақтауды ескере отырып, АШТӨ үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан (230-260 теңге/литр) орташа алғанда 15-30%-ға төмен болады. 2019 жылмен салыстырғанда баға өсімі 8,4%-ды құрайды немесе жыл сайынғы өсімнің 3%-ынан аспайды, - дейді Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Сабина Кәкімжан
Бөлісу: