Биыл 160 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы шығарылды

15 Қараша, 16:10 887

Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойдым. Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлініп, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды, - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, биыл елімізде 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн шығарылды.

Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, соның ішінде «Клаас» неміс концерні мен ресейлік «Ростсельмаш» компаниясы табысты жұмыс жатыр. Биыл шамамен 160 миллиард теңгеге жуық қаржыға 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн (оның 107-сі «Клаас» компаниясына тиесілі) шығарылды. Үкімет еңбек өнімділігін арттыруға, импортталатын қосалқы бөлшектерді локализациялап, ұсақ бөлшектерден құрастырылатын өндірісті қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса мән беруі керек, - деп қосты президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: