Биыл 145 мың колледж студенті мемлекеттік тапсырыспен білім алады

11 Маусым, 23:14 422

Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік тапсырыспен қабылданатын білім алушылардың саны 145 мыңға жетеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы мына техникалық мамандықтар бойынша көбейеді: геология, машина жасау, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б.

772 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында бүгінгі таңда 542 мың студент білім алуда. Олардың 60 пайызы жұмысшы мамандықтар бойынша дайындалуда. Қазіргі уақытта ТжКБб бойынша мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті. Ал 2025 жылы жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100% тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамту жоспарлануда, - деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кету керек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың абитуриент қабылданады. Қазіргі таңда 518 кәсіпорын 410 колледжді шефтік қамқорлыққа алған.

Перизат Саденова
Бөлісу: