Бішкектегі рейтингтік турнирде Қазақстан балуандары екі алтынға қол жеткізді

4 Маусым 2023, 12:27 832

Бішкенте күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде әйелдер құрамасының балуандары 2 алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қырғыз жерінде алғаш рет өтіп отырған рейтинтік турнир Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаевтың құрметіне арналды. Дода барысында қазақстандық бұрымды балуандар арасында Марина Седнева мен Жәмила Бақбергенова топ жарды. 

55 келіде бозкілемге шыққан Марина Седнева Бішкек бәсекесінде қарсыластарының барлығынан басым түсіп, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ал әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова бұл жолы өз биігінен көрінді. 

Бұдан бөлек, 65 келіде белдескен Ирина Казюлина финалға шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Еркін күрес бәсекесінде 97 келіде ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Азовтың еншісіне қола жүлде бұйырды. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: