Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті

12 Қазан 2023, 21:30 745

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, мүше мемлекеттердің ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері ү.ж. 13 қазанда Бішкекте өтуге жоспарланған ТМД Саммиті барысында мемлекеттер басшыларының қарауына ұсынылатын құжаттардың жобаларын келістірді.

Берік Арманов
Бөлісу: