Бішкекте су тапшылығына байланысты бассейндер мен моншалар жабылып жатыр

6 Маусым 2023, 12:06 941

Бішкек қалалық әкімдігі қала тұрғындарын ауыз суды ұтымды пайдалануға шақырды. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғызстан астанасында суық суды тұтыну көлемі мен тұтынушылар саны артып келеді.

Қазіргі уақытта Бішкекте 270 мың 342 абонент бар. Өткен жылы 263 мың 286 болды. Жылдық өсім 7 пайызды құрады. Сонымен қатар ауыз суды тұтыну көлемі де артып келеді, – делінген қалалық әкімдік таратқан мәліметте.

Сол себепті де әкімдік суды үнемдеуге шақырды.

Суды үнемдеу және оны ұтымды пайдалану маңызды. Судың шектеулі ресурс екенін және оны үнемді пайдаланудың маңызы зор екенін есте ұстаған жөн, – дейді шенеуніктер.

Ал «Бішкекводоканал» ПЭУ тұрғындардан суБ ресурстарына жауапкершілікпен қарауды және оны ұтымды пайдалануды сұрайды:

- ыдыс жуу немесе тіс тазалау кезінде шүмекті жабыңыз. Бұл судың едәуір мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді;

- толық жүктеме кезінде кір жуғыш және ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз;

- судың ағып кетуін түзетіңіз;

- жасыл кеңістікті тек түнде суарыңыз.

Сонымен қатар су тапшылығына байланысты Бішкекте жеке ванналар, көлік жуу орындары мен бассейндер уақытша жабыла бастады. Сонымен қатар тұрғын үйлерде және бірқатар ауылда ауыз сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: