Бишімбаевтың соты басталды, күдікті кінәсін мойындамады

11 Наурыз, 17:51 2479

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. 

Сот барысында прокурор Бишімбаевтан "Кінәңізді мойындайсыз ба?" деп сұрады.

Бишімбаев өз кінәсін орындаудан бас тартып, істі қайта қарауды сұрады. Сонымен қатар, сот отырысы ашық өтуін, тікелей трансляция жүргізілуін және журналистерді сот залына кіргізуін талап етті.

Айта кетейік, Бишімбаевтың бүгінгі өтіп жатқан сот тындалымына журналистер кіргізілмеді.

EL.KZ
Бөлісу: