Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың әкесі Тоқаевқа хат жазды

3 Желтоқсан 2023, 18:19 2078

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың әкесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол қызының қазасына себеп болған Бишімбаевтың барлық мүлкін тәркілеуді сұрады

Өз өтінішінде әкесі былай дейді:

Күдікті кезекті рет жазадан құтылып кету қаупі тұр, өйткені олар ықпалды туыстарымен және қаржылық мүмкіндіктерімен оны қорғап қалуға ынталы, деп атап өтті Салтанат Нүкенованың әкесі.

Бұдан кейін хат авторы сыбайлас жемқорлық бойынша 10 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі 2 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққанын еске салады. Ол кінәсін мойындап қана қойған жоқ, мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал өтеді. Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова ұлына ақша бергенін мойындаған.

Нұрлыбекова мұндай көлемдегі ақшаны (миллиардтаған теңге) және жалпы құны оны долларлық миллионерлер қатарына қосатын коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін, көліктерді қайдан алды?, - деп мұның бәрі Бишімбаевтың сыбайлас жемқорлық қаражатын пайдалана отырып алынған деп болжайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Салтанат Нүкенованың әкесі Альмира Нұрлыбекованың қалай байығанын тергеп-тексеруді сұрайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: