Бишімбаевтың ісі: Прокуратура істі «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстырудан бас тартты

12 Наурыз, 20:23 700

Прокуратура Бишімбаевтың ісі бойынша оны «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 11 наурызында Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдаудың бірінші күнінде Бишімбаевтың адвокаттары кісі өлтіру қасақана жасалмағанын айтып, істі «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстыруды сұраған еді. 
Дегенмен Сот айыпталушы тарап үшін істі «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстырудан бас тартты.

Бишімбаевқа қатысты сот отырысы 27 наурызда жабық түрде өтеді. Сот алқабилердің қатысуымен өтеді. Сонымен қатар, Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 6 айға ұзартылды.

Миражан Махан
Бөлісу: