Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны ата-ана құқығынан айырмақ

27 Қыркүйек, 17:04 377

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол түрмеде отырған экс-күйеуін ата-ана құқығынан айырмақ. Осылайша, ол балаларын «кісі өлтірушінің балалары» деген аттан қорғамақ.

Қаһарманның сөзінше, бұған дейін оның өтініші қанағаттандырылмаған. Хатта Салтанат Нүкенованың Бишімбаевтың заңды әйелі еместігі, тиісінше оның өзінің жақынын немесе отбасы мүшесін өлтірмегені айтылған.

Балаларына да тегін ауыстыруға рұқсат берілмеген.

Көмек сұраймын. Меніңше, өтінішімнің қанағаттандырылмауы әділетсіз. Қоғамнан, Бас прокуратура мен Жоғарғы соттан біздің сотқа назар аударуды сұраймын, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: