Бишімбаевтың бұрынғы әйелі кітап жазып жатыр

24 Қазан, 14:07 564

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі болған Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол іnstagrаm парақшасында өз өмірі жайлы кітап бастап кеткенін жеткізді.

Кітап мен туралы, бірінші некем жайлы болады. Қалай ажырасқаным туралы жазамын. Кітапта кейбір кейіпкерлер де бар, – деп нақтылап кетті.

Сонымен қатар, Назым кітаптың екі тарауын жазып қойғанын айтты. 

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қайғылы оқиға былтыр қараша айында орын алды.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: