Бишімбаевтың адвокаты жалған құжат жасады деген күдікке ілінді

16 Сәуір, 14:11 1716

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысы кезекті сот отырысында күтпеген жайт орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған себеп – тараптардың ресейлік сараптаманы алып тастау және жалған құжат жасауы мүмкін деген мәселе қаралуы.

Трансляция үзілген тұста Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде прокурордың ресейлік сараптаманы алып тастау туралы шағымы қаралып жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, күні кеше қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық-процессуалдық кодекс нормаларын бұзуға қатысты рецензияны алып тастау және қорғаушы Рамазанованың жалған құжат жасауына байланысты өтініш қаралып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: