Бишімбаевты ұстаған полицейге қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

22 Сәуір, 18:20 1393

Салтанат Нүкенованың өлімінен соң Қуандық Бишімбаевты ұстауға барған астаналық полицейді қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 қараша күні BAU мейрамханасында ұсталған Қуандық Бишімбаевқа сұрақ қойған полицей "Оның өзі сені осы деңгейге жеткізген шығар" деген сөзді айтқан. Бұл сөз айтылған видео 8 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан басты сот процесінде көрсетілді.

Астана қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды, – делінген хабарламада. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: