Бишімбаевты көріпкелмен анасы таныстырған: Көріпкел сотта куәлік етті

24 Сәуір, 10:51 11250

Сотта айыпталушы Қуандық Бишімбаев сенген көріпкел куәлік етіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Көріпкел өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, сотта жасырын сөйлеуге өтініш білдірді. Прокурорлар бұл өтінішті қанағаттандыруды сұрады. Судья куәгердің бет-әлпетін түсірмей және жеке деректерсіз жауап алған дұрыс деп шешті.

"Сәлеметсіз бе. Біз кеше көп ішіп, сосын Салтанатпен төбелесіп қалдық", - деді. Мен жедел-жәрдем шақырып, дәрігер шақырыңыз дедім. "Ол ұйықтап жатыр, демалып жатыр, қарап беріңізші, көріп беріңізші", - деп қайталай берді. Мен оны мас екен деп ойладым. Маған ватсаптан жазғанда да мас екен деп ойладым. Мен әр хабарласқан сайын жедел-жәрдем шақыру керегін айтып, айқайладым, - дейді көріпкел.

Сондай-ақ көріпкел Қуандық Бишімбаевпен 1,5 жыл уақыт бойы таныс болғанын айтты. Оны анасы Альмира Бишімбаева таныстырған. Қуандық Бишімбаев көріпкелге ай сайын хабарласып, кәсібі мен өміріне байланысты сұрап отырған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: