Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы соттың қарауына түсті

6 Тамыз, 10:45 507

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айып тағылған Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы Соттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот кеңсесінде Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі Жоғарғы сотқа жіберілгені туралы жазба пайда болды.

Сот кеңсесіндегі ақпарат бойынша 5 тамызда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі судьяға өткен.

Айта кетейік, бұған дейін Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: