2024 жылдың 26 ақпанында Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдікті Бишімбаев Қ. мен Байжанов Б-ға қатысты қылмыстық іс түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана сотының баспасөз қызметі күдікті Қ. Бишімбаевқа ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы «Аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтіру», ҚР ҚК-нің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы «Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау» бойынша айып тағылып отыр. Күдікті Б. Байжановқа ҚР ҚК-нің 432-бабы «Қылмысты жасырып қалу» және ҚР ҚК-нің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айыпталып отырғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін әйелін өлтірген Қуандық Бишімбаевтың ісін жүргізетін судья анықталғанын хабарлаған едік.