Бишімбаевпен түрмеде араласқан әйел: Қуандық – сауатты жігіт

20 Қараша 2023, 09:55 30640

Алаяқтық ісі бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылып, соның төрт жылын өтеп, бостандыққа шыққан экс-кәсіпкер Гүлзада Сәлім түрмеде Қуандық Бишімбаевты көргенін, араласып тұрғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Bilgen durys youtube-арнасына сілтеме жасап.

Қуандық Бишімбаевтың осындай қатыгездікке барғанына сенбейтінін айта кетіп:

Мен түрмеге 9 желтоқсанда түссем, ол қаңтардың 10-да бір айдан кейін түсті, оны түрмеде көріп тұрдым. Қуандық – сауатты жігіт. Салтанатты өлтіргенін естігенде өте ауыр қабылдадым, сенбедім.. Не үшін осындай жағдай болады деп ойланып көрдім. Меніңше, бұдай қатігездікке өзін жүз пайыз гармонияда сезінбеген адам барады, яғни қасындағы жақын адамына, өз әйеліне қол жұмсайды. Салтанат кешірімді болған, бірақ шыдап жүрген. Ол бұған дейін Қуандықтан өзін қорғай алатынын көрсете алса ғой... Бұл жағдай орын алмас еді. Бұл ретте, тағы айта кететіні Бишімбаев анасының бақытсыз болғанын көрді ме, әкесі бәлкім осындай қатынас құрды ма? Сұрақ көп, - деді ол.

Еске сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев өз әйелін Салтанат Нүкеваны өлтірген еді.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: