Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездесуге келген блогер Гүлнара Насырбекова сотта сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гүлнар Насырбекова Қуандық Бишімбаев екеуі гольф клубтың мүшесі екенін айтты.
Қуандық мені 3 қарашада гольф ойнауға шақырды. Бірақ мен Ташкентте болғандықтан 8 қарашада кездесеміз деп шештік. Кейін 9 қарашада кездесеміз деп шештік. Мен кешке құрбыларыммен моншаға баратындықтан, 9 қарашада түстен кездесеміз деп келістік. Сол күні түстен кейін Бау ресторанына бардым. Вип бөлмеде спорт, гольф, дұрыс тамақтануға қатысты және балалар туралы сөйлестік, - дейді Гүлнара Насырбекова.
Ал Қуандық Бишімбаевқа сурет жіберіп, "раушанның иісіндей аңқып тұрсың" деген хатқа қатысты былай дейді:
Мен ол сөзді құдағиыма жазғым келген. Құдағи деген сөздің орнына Қуандық деп жазылған адамға жіберіп қойыппын. Қаталесіп кеткенмін, - дейді Гүлнара Насырбекова.
Сондай-ақ ол Бишімбаевтың отбасылы болғанынан хабары жоқ екенін атап өтті. Бишімбаевпен тек спорт туралы сөйлесетіндерін айтты.