Бишімбаев түрмеде қандай жұмысқа жегілетіні белгілі болды

18 Шілде, 12:48 1671

24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев әлі колонияға түскен жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлім етті.

Жақын күндері Бишімбаев қауіпсіздігі жоғары колонияға аттанады, - деді Жәнібеков.

Сонымен қатар, Жәнібеков Бишімбаевтың абақтыда қандай жұмыс істей алатынын да мәлім етті. 

Өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорында ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады. Колонияға түскен соң ол 15 күн карантинге түседі. Одан кейін тиісті отрядқа жіберіледі, - деді Жәнібеков.

Айта кетейік, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев былтыр 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: