Бүгін сот отырысында сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөздерін сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Cот отырысы 10 мамырға сағат 10:00-ге шегерілді.
Келесі сот отырысында алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтеді.
ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi.