Бишімбаев сотта өз кінәсін мойындамады

11 Наурыз, 16:22 876

Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Астанада экс-министрдің сот тындалымы өтіп жатыр. Сот барысында прокурор Бишімбаевтан "Кінәңізді мойындайсыз ба?" деп сұрады.

Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартып, істі қайта қарауды сұрады. Сонымен қатар, сот отырысы ашық өтуін, тікелей трансляция жүргізілуін және журналистерді сот залына кіргізуін талап етті. 

Айта кетейік, Бишімбаевтың бүгінгі өтіп жатқан сот тындалымына журналистер кіргізілмеді.

Миражан Махан
Бөлісу: