Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық соты тікелей эфирде өтеді

26 Маусым, 09:56 512

Жоғарғы сот республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді.

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: