Бишімбаев бұрынғы әйелі Назым Қаһарман көлігін ұрлап кеткенін айтты

15 Сәуір, 15:41 3412

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында Бишімбаев бұрынғы әйелі Назым Қаһарман көлігін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бишімбаев сот отырысында Салтанат екеуі некеде болғанда Назым Қаһарманға жүріп-тұруға көлік бергенін айтты. 

Біз ажырасқан кезде Байжановқа көлікті Алматыдан алып келуді тапсырдым. Алайда, көлік ұрланып кетті. Оны ұрлап кеткен – менің бұрынғы әйелім.  Сен (Байжанов-авт.) менің әйеліммен келісіп алып, маған күйе жағып, түрмеге отырғызып, кейін мүлкімді бөліп алуды жоспарладың ба?, - деді Бишімбаев.

Еске салайық, бұған дейін алқа билердің бір мүшесі ауысқанын хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: