Əбіш Кекілбайдың қаламгерлік тұлғасы

27 Тамыз 2014, 04:12

Əбіш Кекілбайдың қаламгерлік тұлғасы

Əбіш Кекілбайдың қаламгерлік тұлғасы да өзгеше болмыс-бітімге ие. Бұл тұрғыдан қарағанда оның шығармаларын түрлі кезеңдерге бөліп, əдеби, тарихи, саяси, философиялық, қоғамдық, психологиялық, публицистикалық жəне тіл ғылымы тақырыптары аясында қарастыру қажет. Оның шығармашылық жолы 1962 жылы «Алтын шуақ» атты өлең жинағын жариялаудан басталды, кейіннен проза жанрында жалғасты. Əбіш Кекілбай нəзік жанды тұлға кейпінде жазушылық кəсіби жолын поэзиямен бастаған болса да өзінің адами жəне ұлттық ұстанымына аса берік, кемеңгер жазушы екенін көрсетіп келе жатыр. Мəселен, ол ұлтқақатысты мəселе атаулыға тым сергек қарайды. Сондықтан, Əбіштану саласында оның психологиялық, дүниетанымдық жай-күйін зер-делей зерттеу өзекті тақырыпқа айналуға тиіс.

Əбіштану саласы көптеген бөлімдерді қамтиды. Өйткені, оның шығармалары тарихи, психологиялық, философиялық, саяси, көркем сөз өнері сынды салалардан да басқа сипатта- рымен ерекшеленеді. Мəселен, кейіпкеріміздің «Шыңырау» мен «Күй» атты повестері терең философиялық ойларымен адам психологиясын, қоғам шындығының астарлы жақтарын көрсете отырып, оқырманды терең ойларға жетелейтіні анық. “Күй” повесінде тарихи оқиғаларды негізге ала отырып, қоғамның дəстүрлі салтының астарында «Жұбатсаң жұбанып алып, жаңа ғана жылағаны есінен шығып, сойқанға тағы кіріседі. Бұл адам деген хайуанның көзінен жас шыққанда барып, көкірегіне ақыл келеді. Олардың көзі жастан айықса, көкірегі ақылдан айрылады»,– деп автор адам мінезіне, құлқына, психологиясына, философия сына қорытынды жасай-ды. Онда ойлы оқырман адамның адам болып өмір сүруге рухани тірек қажеттігін түсінеді. Ол – иман. Иманға тірек болар құндылық – тақуалық. Əбіш Кекілбай тақуалықты, тазалықты «Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін рухани ерлік керек. Жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек», – деп түйіндейді.

Қазақ пен түрікмен көшпенді ел болғандықтан, салт- тарында ұқсастық көп. Ортақ қоғамдық құндылықтарға, ортақ моральдық ұғымдарға ие. Қазақ пен түрікменнің қиысқан ортақ құндылығын Əбіш Кекілбай «Күй» повесінде «Көшерін жел, қонарын сай білетін мұның халқының жылқы бары болса, қызы ары емес пе еді», - деп көшпенді халықтарының қоғамдық өміріндегі негізгі қағидаларын бүгінгі қоғамның ұстанған қағидаларымен бетпе-бет қояды, оқырманды қазіргі кездегі емін-еркін күйде шарап ішіп, жыныстық қатынас жасап жүрген əйелзатпен салыстырып, өткен қоғам мен бүгінгі қоғамның жайын саралауға түрткі болады. Əбіш Кекілбай адам психологиясының озбырлық сипатын мейлінше айқындай түседі. Автор қарапайым тіршіліктің барысында адамзаттың ішкі сырын, жан дүниесін табиғаттағы элементтермен теңеп, шебер көрсете біледі. Ол: «Құрбан отты қағыстырып түртініп жүрген күйе-күйе көсеу қауқиып тұрған жапаның күлін қағып жібереді де, орнына басқа тезек қалайды. Енді əлгінде ғана тезектің үстінде теңқиып жатқан алақандай құрғақ жапаның күлін таба алмайсың. Ол мынау қай тезектен, қай жападан беймəлім қобырсыған көп күлдің ішіне сіңіп жоғалады. Бірін-бірі жалмап жатқан бір дүние. Үлкені кішісін жоқ қылады, күштісі əлсізін жоқ қылады. Ертең ол үлкенге одан да үлкен, ол күштіге одан да күшті жолығады. Сөйтіп, шеті жоқ бірінің басын бірі алып жатқан аласапыран тірлік. Сонда мынау мігірсіз қимыл-қыбырдың, итжығыс алысжұлыстың мəні не?», – деп оқырманымен кеңеседі, сырласады.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу: