Биржада ұлттық валюта әлсіреді

6 Желтоқсан 2022, 15:27 1079

Бұл қараша айының басынан бері ең төмен көрсеткіш

Қазақстан қор биржасында сауда-саттық ашылғалы бері теңгенің АҚШ долларына шаққандағы валюталық бағамы 472 деңгейіне дейін әлсіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қараша айының басынан бері ең төмен көрсеткіш. Ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 475-477, 5 теңгеден сатылуда.

6 желтоқсанға Ұлттық банк бекіткен көрсеткіш 1 доллар 469,26 теңге.

Айырбас бағамына қандай факторлар ықпал етуде?

5 желтоқсан Brent маркалы мұнайдың бағасы күрт құлдырап, қазір барреліне 83 долларды құрап, жыл басынан бері ең төменгі деңгейге жақындады. "Қара алтынға" қазір өте көп факторлар әсер етуде: G7 елдерінің ресейлік мұнайға енгізген шекті баға, ОПЕК+ елдері, әлемдегі ықтимал экономикалық баяулау және Қытайдағы коронавирустық шектеулер. Сондықтан мұның бәрі теңгеге де ықпал етуде.

EL.KZ
Бөлісу: