Бірқатар аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 Ақпан 2023, 20:06 885

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті

Қазгидромет синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің 15 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

18 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі.

18 ақпанда Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

18 ақпанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел қарқыны 18 м/с жетеді.

Алматы қаласындатүнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Осы күніАлматы облысындада тұман түседі, көктайғақ.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-18 м/с.

18 ақпан түнде Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстік-батысында желдің күші - 15-20, Жарма ауданында екпіні - 23 м/с.

18 ақпан күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығыстан екпіні - 15-20 м/с.

18 ақпанда Қызылорда облысының орталығында - көктайғақ, тұман.

18 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің күші - 15-20 м/с.

Шымкент қаласында18 ақпан түнде және таңертең тұман түседі.

18 ақпанда Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің қарқыны күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді.

18 ақпанда Павлодар облысының оңтүстігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күндіз екпіні - 15-20 м/с

18 ақпан күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. 18-19 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, 18 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с, 19 ақпанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

EL.KZ
Бөлісу: