Бірнеше өңірде аптап ыстық болады

28 Маусым 2022, 20:20 1999

Қазгидромет сәрсенбі күнгі ауа райын жариялады

Қазгидромет 29 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды El.kz.

Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында күндіз 29 маусымда 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады.

29 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с күтіледі.

29 маусым күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады 15-20 м/с. г. Атырау: 29 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 29 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Kүндіз қатты ыстық 37 градус күтіледі.

Абай облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Kүндіз қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

29 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. 29 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық, облыстың батысында, шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық болады.

Шымкент қаласында күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының оңтүстігінді, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз көптеген аймағында 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 29 маусымда күндіз найзағай, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу: