Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

9 Қараша 2023, 07:10 498

9 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 9 қараша, бейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Өскемен, Риддер, түнде Астана, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Берік Арманов
Бөлісу: