Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

22 Қараша 2023, 08:24 611

«Қазгидромет» РММ синоптиктері 22-24 қарашада бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында 23 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 22 қарашада кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с, 23 қарашада екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 22 қарашада таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

22 қарашада Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.

22 қарашада Маңғыстау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 23-28, кей уақыттарда  30 м/с және одан да аса күтіледі.

22-23 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22 қарашада облыстың солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 22 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

22 қарашада күндіз, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

22 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, екпіні 23-28 м/с.

22 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

22 қарашада Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

22 қарашада Атырау облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

22 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстаң жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.    

22 қарашада күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі.

22 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, түнде кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі.

22 қарашада күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.    

22 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: