Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 Қараша 2022, 21:00 1012

Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді

Республиканың жеті өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астана қаласында 11 қарашада кей уақытта көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облысының батысында 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, коқтайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

EL.KZ
Бөлісу: