Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 Тамыз 2022, 05:18 965

Қазгидромет 17 тамызға бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында алдағы 6 сағатта 16 тамызда, тәулік бойы 17 тамызда Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 18-23, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 тамызда күннің екінші жартысында найзағай жарқылдайды.

Ақтөбе облысының батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Бөлісу: