Бұл жолы «Ел ішінде» - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауыржан Смағұлов. Ол Қарағанды облысы Осакаров ауданының Озерное ауылына барып, жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз гранттың арқасында бизнесін бастаған жеке кәсіпкерлермен танысты, сондай-ақ «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік нысандарды аралады.