Бірнеше адам жас баланы қорқытып, 5 млн теңге талап еткен

19 Ақпан, 20:27 498

Алматы облысында белгісіз адамдар кәмелет жасына толмаған баланы қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйелдің айтуынша, 2025 жылы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында бірнеше адам оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra маркалы автокөлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, қаскөйлер баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.

Аталған факті бойынша бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушіні интернетте жеке видеосын таратамын деп қорқытып, бопсалағаны анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді 500 000 теңгенің бір бөлігін алу кезінде қолға түсірді,-деп атап өтті полициядан.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: