Бірліктің бесігі – тәуелсіз Қазақстан

23 Қазан 2014, 04:54

Маңғыстау облыстық М. Өскінбаев атындағы филармония залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 18-сессиясы өтті.

Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алик Айдарбаев 2013 жылы өлкеміздегі атқарылған маңызды жұмыстарға тоқталып, Ассамблеяның 2014 жылы атқаруы тиіс міндеттерін атап өтті. Сонымен қатар, жиында жастар арасында жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары мен патриоттық тәрбиені дамыту жайы сөз болды. Сондай-ақ, облыс әкімі А. Айдарбаев өңірдегі этно- мәдени орталықтарды қоғамдық жұмыстарға белсен- ді қатысуға шақырды. Алдағы жылы тойланатын Ұлы Отан соғысының-70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ас- самблеясы және ҚР Конституциясының 20 жылдығын өткізуге арналған ауқымды шараларға дайындықты бүгіннен бастау керектігін де атап өтті. «Елбасымыз айтқандай, бейбітшілік, руханият пен келісім-бәрінің тамыры-мәдениетте. ХХІ ғасырдың ең басты заңы-татулық, келісім, экономика және саясаттың, қауіпсіздіктің өмірлік заңы. Елдегі татулық бақытты өмір сүрудің негізі, жарқын болашақтың кепілі. Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың мақсаты бір – біздің ортақ Отанымызды көркейту, еліміздің мәңгілік өмір сүру жолында қызмет ету. Сондықтан да алдағы жылы тойланатын тарихи шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін этно-мәдени орталықтарды белсенді атсалысуға шақырамын. Елімізде бірлік пен бейбітшілік нығайып, еліміздің даңқы арта берсін»,-деді өз сөзінде өңір басшысы Алик Айдарбаев.

АҚТАУДА «ДОСТЫҚ ҮЙІ» САЛЫНАДЫ

Бұл туралы жиын барысында аймақ басшысы Алик Айдарбаев мәлімдеді. Сессияда сонымен қатар облыс орталығында Достық үйін салу жұмыстары басталатындығы жайында айтылды. Аймақтағы этно-мәдени бірлестіктерінің мүшелері Достық үйін тұрғызуға бөлінген жер учаскесінде Достық аллеясын мен келісім алаңын және этноқалашық ашуды ұсынды. Облыс басшысы Алик Серікұлы бұл ұсынысты қолдайтындығын жеткізді. «Сіздердің тараптарыңыздан түскен ұсынысты қолдаймын. Бой көтеретін бұл алаң қала тұрғындарының сүйікті демалыс бұрышы болуымен қатар өңірдің көрнекті орындарының біріне айналады деп сенемін. Ақтау қаласының әкімдігі, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары Достық үйінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді қолға алып және жақын арада жобаны облыстық Ассамблея кеңесінің отырысында таныстыруы қажет. Мұндай қоғамдық маңызды нысанды салу Елбасы Н. Ә. Назарбаев алға қойған ұлтаралық келісімді нығайту және жаңа қазақтандық патриотизмге тәрбиелеу міндетін іске асыруға ықпал етеді», - дейді А. Айдарбаев.

 

ЖҮРЕГІМ «ҚАЗАҚ» ДЕП СОҒАДЫ

Қиын-қыстау заманда тағдыр тәлкегімен пана із- деп келген өзге ұлт өкілдерін бауырына басып, бір үзім нанды бөліп жеген қазақ жұрты қазіргі таңда көптеген ұлттардың басын қосып, бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп, әлем елдеріне үлгі көрсетіп келеді. Сондай кең жүректі қазақ халқымен бірге тыныстап, қазақ халқының бар рухани дүниесін бойына сіңіріп өскен жандардың бірі, «Шалом» еврей ұлттық мәдени орталығының өкілі-Зарина Авсиевич. Еліміздегі бірлік мен ұлттар арасындағы татулыққа арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 18-сессиясында Зарина да сөз алды. Қазақтың келіні Зарина тек қазақ тілін ғана емес, қазақы салт-дәстүрді де жетік меңгеріпті. Сахнада таза қазақ тілінде өлең оқып қана қоймай, ізет көрсетіп, көпшілікке иіліп сәлем салды. «Мен өзге ұлт өкілі болсам да, жүрегім қазақ деп соғады. Тәуелсіз Қзақстан жерінде өмір сүріп, білім алып, қазақ тілінің құдіретін білу-үлкен бақыт, абырой. Тегіміз басқа болғанымен де, теңдігіміз бір, қанымыз бөлек болғанымен де жанымыз бір, арманымыз ортақ біртұтас халықпыз. Ынтымағы жарасқан еліміздің көркеюі-бұл біздің Елбасымыз Н. Назарбаевтың жемісті саясатының, қазақ халқының және еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің бірлігі мен еңбегінің нәтижесі деп білемін», 

Бөлісу: