«Бірлігіміз — әралуандылықта» форумы өтті

18 Қазан 2022, 19:09 1595

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді

Алматы қаласында қазақстандықтар үшін дәстүрлі мереке Рухани келісім күніне орайластырылған «Бірлігіміз –әралуандылықта» тақырыбында қалалық ғылыми – практикалық форум өтті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді.
Іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Алматы қаласы діни бірлестіктерінің басшылары, жергілікті және шетелдік жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Форум жұмысында Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов қазіргі діни ахуал туралы баяндама жасап, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын атап өтті, сондай-ақ өңірдегі профилактикалық және оңалту жұмыстарын күшейтуге назар аударды.
Е. Нүкежанов дін көшбасшыларының өңірдегі конфессияаралық диалог пен тұрақтылықты ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтті.

Бөлісу: