Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының 131-отырысы өтті

12 Тамыз 2023, 22:37 1020

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітіп, мемлекеттік шекара сызығын оның түрлі учаскелерінде белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

Берік Арманов
Бөлісу: