Біріккен Араб Әмірліктерінің бұқаралық ақпарат құралдары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне 16-18 қаңтар аралығындағы сапарын талқылауды жалғастырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Имарат аль-йоум» сайты Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы ширек ғасырдан аса тарихи қатынастары өзара түсіністік пен құрмет рухына, сондай-ақ достық пен тиімді стратегиялық әріптестікті дамытуға деген ортақ ниетке негізделген деп сипаттады.
Қазақстан Президентінің Әбу-Дабиге сапары екі елдің даму және әл-ауқат, экономикалық жағдайларды нығайту, сондай-ақ өңірде тұрақтылыққа қол жеткізуге жәрдемдесу саласындағы мақсаттары мен оларды біріктіретін стратегиялық қатынастарға негізделген екі достас ел арасындағы жұмыстарды жалғастыру аясында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ-ні таңдауы кездейсоқ емес, қайта БАӘ басшылығының соңғы жылдары түрлі секторлардағы екіжақты қатынастарды жақсарту жөніндегі көзқарастарымен сәйкес келетін өршіл көріністерден туындайды және екі елдің аймақтық және әлемдік проблемалар бойынша көзқарастары бірдей.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің БАӘ-ге сапарымен кезінде берген уәдесін орындайтындығын көрсетті. Ол БАӘ-мен екіжақты қатынастарды әр түрлі салаларда, әсіресе энергетика, сауда салаларында дамытуды жалғастыру ниетін растап, БАӘ Таяу Шығыс елдері арасында Қазақстанға ірі инвестор болып табылады және біз онымен қарым-қатынасты келесі кезеңде нығайтуға ұмтыламыз, екі достас ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық болып саналады, өйткені олар екі тарапқа бейбітшілікке, қауіпсіздікке үлес қосуға мүмкіндік беретін ортақ құндылықтар мен пайымдауларға негізделген" деген болатын.
БАӘ мен Қазақстан осы сапарлар шеңберінде қол қойылған экономикалық келісімдерден басқа, өткен жылдары екі достас ел басшылығы деңгейінде өзара сапарлар нәтижелері бойынша уағдаластықтар орындалуда.
Сапар нәтижесі бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Бірлескен мәлімдеме жариялады. Сонымен қатар, стратегиялық инвестициялық жобаларды құру, азаматтық авиация, энергетика, теңіз порты, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, архив салаларындағы декларация мен меморандумдарға қол қойылды Экономикалық ынтымақтастық жөнінде айтқанда Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі БАӘ инвестицияларының бірінші бағыты болып табылады. Туризм секторында екі ел арасындағы туристік ағындар соңғы жылдары айтарлықтай өсті, өйткені Қазақстан Республикасына Әмірліктер туристерінің саны 5 мыңға жуық туристке жетті, ал, керісінше, БАӘ-дегі қазақстандық туристердің саны жылдан жылға өсіп отыр.
Айта кетейік, Президенттің БАӘ-ге сапары жергілікті медиада кеңінен қамтылғаны туралы жазған едік.