«Бірі күзетші, екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді». Вице-министр күдіктілер жайлы айтты

15 Қазан, 14:31 1676

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар күдіктілер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, оқиға орнында болған 7 адам қамауға алынды, 13 қазан күні оқиғаға қатысы бар тағы 3 күдікті қамалды.  

Вице-министр желіде айтылып жатқан «Хуторские» ҰҚТ ішкі істер органдарында есепте жоқ екенін атап өтті.

Осы істің басы-қасында болған күдіктілерге қатысты портреттік сипаттама бере аламын. Күдіктілердің екеуі ипподромда тұрақты жұмыс істейді, бірі Шымбұлақта жұмысшы, екіншісі «Ақбұлақта» күзетші, екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді, - деді Бауыржан Әленов.

Вице-министрдің айтуынша, күдіктілердің барлығы кәмелет жасқа толған азаматтар. Қайғылы оқиға болған күнге қатысты жағдай мен күдіктілердің бір-бірімен байланысын мұқият тексеру жалғасады.

Миражан Махан
Бөлісу: