Бір жылдың ішінде инфляция 18,1 пайызға төмендеген

7 Сәуір 2023, 16:45 913

Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдық инфляция 18,1 пайызға төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Инфляцияның баяулауы ақпандағы реттелетін қызметтер тарифінің және оңтүстік өңірлерде егіннің жойылып, үсікке тап болуына байланысты жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бағасының өсуімен, сондай-ақ жоғары сұраныс жағдайында көлік қызметі құнының өсуімен шектелді, - делінген Ұлттық банктің баспасөзінде.

Наурыз айында инфляция 0,9 пайызға дейін төмендеген. 

Қазақстан экономикасы биылғы қаңтар-ақпан айында 4,3%-ға өскен. Бұның бірден бір себебі, ішкі сұраныстағы тұрақтылық. Автомобильдің, электр тұрмыстық техниканы, азық-түлік пен киім-кешекті сату нәтижесіндегі бөлшек тауар айналымы экономиканың  өсуіне оң динамикасын беруде.

Миражан Махан
Бөлісу: