Бір жылда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,6% төмендеген

2 Маусым, 10:00 817

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды. Ал жылдық мәнде 0,6%-ға төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 28 мамыр/:
Күріш – 491 тг/кг;
Қырыққабат – 128 тг/кг;
Пияз – 116 тг/кг.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: