Бір жасар қызын ұрып өлтірген әйел қамауға алынды

1 Наурыз, 16:32 2402

Новосібір қаласында бір жасар қызын өлгенше диванның қаңқасына ұрған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Первомайский аудандық соты Алина Водневаны тұтқындады. Ол 2023 жылдың 23 желтоқсанында бір жастағы қызының аяғынан ұстап, диванның қатты тұсына басын үш рет соққан. Нәтижесінде жабық бассүйек-ми жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Бұған дейін,  Алматыда 7 жасар қыздың өліміне қатысты тың деректер айтылғанын хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: