Бір түнде Астанадан 24 мың текше метрден астам қар шығарылды

16 Сәуір 2023, 13:39 1261

Елордада қар тазалау жұмысы қарқынды жүргізілуде

16 сәуірге қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 24 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қалың жауған қарға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

16 сәуір күні таңертең елордада қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қарқыны жоғары көшелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар қардан тазартылады.

16 сәуірге қараған түні қаладан полигондарға 24 мың текше метрден астам қар немесе 2 134 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 315 мыңға жуық жүк көлігін шығарды, бұл шамамен 4 млн текше метр. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: